Otpan News Logo

Маңғыстауда IV облыстық «Жас турист» слеті өтті

|
16.10.2026 16:46
Маңғыстауда IV облыстық «Жас турист» слеті өтті

OTPANNEWS.KZ. - 15–16 қазан күндері Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының ауылдық паркінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында IV облыстық «Жас турист» туристік слеті өткізілді.


Слеттің негізгі мақсаты – білім алушылардың туристік даярлығын арттыру, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, кәсіби бағдар беру.


Слетке техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 35 білім алушысы қатысты.


Слет 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

I бағыт – «Таныстыру»;

II бағыт – «Кросс-туризм»;

III бағыт – «Лабиринт»;

IV бағыт – «Антимаятник»;

V бағыт – «Жумаринг».


Слет барысында білім алушылар туристік кедергілерден өту, кеңістікте бағдарлау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, топпен жұмыс істеу және көшбасшылық қасиеттерін дамыту бағытында тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылықтары артып, туристік-өлкетану жұмыстарына белсенді қатысуға ынталанады.


Слет қорытындысы бойынша Орталықтаң І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.


🥇 І орын – Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжінің «Арлан» тобы;


🥈 ІІ орын – Түпқараған ауданы, Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің «Түпқараған» тобы;


🥉 ІІІ орын – Ақтау қаласы, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің «Отпан» тобы.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!