Жаңа Конституция – әділетті қоғам мен тұрақты дамудың негізі
Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғамның даму бағытын белгілейтін маңызды құжат. Онда елдің болашағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік көрініс табады. Менің ойымша, Ата Заңның басты мақсаты – әрбір азаматтың құқығын қорғап, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту.
Жаңа Конституцияға қатысты бастамалардың маңызы да осында. Қоғамның дамуы заман талабына сай өзгерістерді қажет етеді. Бұл ретте заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік әділдікті орнықтыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру айрықша мәнге ие. Әрбір азамат өз құқығы мен міндетін терең түсініп, елдің дамуына жауапкершілікпен қараса, қоғамның да іргесі берік болады.
Ата Заңның құндылығы оның қағидаттарының күнделікті өмірде жүзеге асуымен өлшенеді. Сондықтан Конституцияда бекітілген нормаларды құрметтеу, заң талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру – баршамызға ортақ міндет. Құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы әрбір қадам елдің тұрақты дамуына, ұрпақтың жарқын болашағына және қоғамның әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс. Жаңа Конституция осы заманмен бірге өзгеріп отырған оң өзгерістерге жауап береді.
Ардақ Қатарбаев,
жеке кәсіпкер