Otpan News Logo

«Үздік педагог – 2026» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Үздік педагог – 2026» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Байқауға облыстағы білім беру ұйымдарынан барлығы 38 педагог қатысты. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.


Аталған байқау барысында білім беру ұйымдары педагогтерінің жұмыстары бағаланды. Комиссия құрамының қорытынды шешімі негізінде кәсіби шеберлігі мен жоғары нәтижелерін көрсетіп, білім алушыларды даярлауда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген педагогтер байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

Жеңімпаздар:


1. Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Альбек Бакаев

2. ⁠Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рыскүл Акниязова

3. ⁠Ақтау қаласы, №13 гимназиясының тарих пәні мұғалімі Айжан Сейниханова

4. ⁠Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Эльмира Абуова

5. ⁠Ақтау қаласы, И. Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шолпан Нугманова

6. ⁠Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Шынар Менкеева

7. ⁠Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі Алибек Баймұратов

8. ⁠Ақтау қаласы, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Майра Қазиева

9. ⁠Ақтау қаласы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Жанат Асканбаева

10. ⁠Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Камшат Камалова.

124
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!