Otpan News Logo

Маңғыстаулық оқушылар «Ақберен» республикалық байқауында жүлделі орындарға ие болды

|
10.11.2026 16:59
Маңғыстаулық оқушылар «Ақберен» республикалық байқауында жүлделі орындарға ие болды

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстаулық оқушылар Ақмола облысының Щучинск қаласындағы өткен «Ақберен» республикалық өнер байқауында жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Байқауға облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысып, алты номинация бойынша өзара бақ сынады. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша маңғыстаулық оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ниетқабыл Әділбек І орын иеленді. Мұнайлы ауданындағы №16 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Сейдуллаева Қызылгүл ІІ орынға лайық деп танылды.


Ал Жаңаөзен қаласындағы №15 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ыбырайым Дінмұхаммед пен Қарақия ауданындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Тұрақбай Азат ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар Мұнайлы ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақғали Нұржау грамотаға ие болды.


Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Базарбай Әдия «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ІІ орын алды. Өзінің шығармашылық қабілеті мен ұлттық өнерге деген қызығушылығын жоғары деңгейде танытты.


Командалық есепте Маңғыстау облысының құрамасы ІІІ орыннан көрінді.


Жеңімпаздар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!