Otpan News Logo

Түпқарағандық өнерпаздар республикалық додада үздік атанды

Түпқарағандық өнерпаздар республикалық додада үздік атанды

Түпқараған ауданындағы «Жауқазын» би ұжымы республикалық «Dala voice» бишілер байқауында үздік өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өнерпаздар байқаудың суперфиналына жолдама алды. Додада дәстүрлі ұлттық және заманауи билер орындалды. Ұжымның жетекшілері - Жанар Жолдыбаева және Айнұр Бекниязова.


Айта кетейік, би ансамбльдерінің көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Түпқараған ауданының Құрметті азаматы Гүлнара Ідірісқызы - 1987 жылы ауданда алғаш би ұжымын құрған өнер майталманы.

76
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!