Otpan News Logo

Маңғыстаулықтар Threads желісіндегі «Сәрсенбі – Қазақстан күні» челленджіне белсенді қатысып жатыр

Маңғыстаулықтар Threads желісіндегі «Сәрсенбі – Қазақстан күні» челленджіне белсенді қатысып жатыр
SN.kz

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған «Сәрсенбі – Қазақстан күні» патриоттық челленджі маңғыстаулықтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бастама аясында тұрғындар әр сәрсенбіде Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен табиғаты туралы фото, видео және түрлі контент бөлісіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетуде.


Бүгінгі күннің өзінде бірнеше маңғыстаулық фото, видео және түрлі форматтағы контент жариялап, өңірдің табиғаты мен мәдениетін желі қолданушыларына кеңінен таныстырды. Қазіргі таңда Threads желісінде Маңғыстаудың Каспий жағалауы, Қарақия ойпаты, Бозжыра шатқалы, Шерқала мен Отпан тауы жайлы жазбалар көптеп бөлісілуде.


Жергілікті жастар бұл челленджді өңірдің имиджін көтеруге мүмкіндік деп санайды.


«Сәрсенбі – Қазақстан күні» бастамасы халықты біріктіріп қана қоймай, өңірдің ерекшелігін танытуға жол ашады. Әсіресе жастар өз туған жерін насихаттап, елге деген сүйіспеншілігін заманауи форматта көрсетіп жүр, – дейді белсенді Айдын Аманжол.


Челлендж барысында ұлттық тағамдар, тарихи ескерткіштер, өңірдегі мәдени іс-шаралар туралы да көптеп ақпарат жарияланып жатыр. Тіпті кейбір маңғыстаулықтар табиғи локацияларда арнайы фотосессиялар жасап, өңірдің туристік әлеуетін көрсетуге атсалысуда.

88
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!