Otpan News Logo

Президент жастарға зор сенім артады

|
03.11.2026 14:51
Президент жастарға зор сенім артады
Фото: newsroom.kz

Президентіміздің биылғы Жолдауы, əр жылдардағы Жолдаудан ерекше. Менің ойымша, президенттің Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – Қазақстанды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект арқылы дамыту. Жолдауда цифрландыруды күшейту, экономиканы жаңғырту, білім мен ғылымды дамыту, халықтың əл-ауқатын жақсарту жəне жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу мəселелері қарастырылған.


Жаңа бағыттардың бірі – жасанды интеллектіні экономикаға, білім беру жүйесіне жəне мемлекеттік қызметтерге енгізу. Сонымен қатар отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жəне азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды орын алады.


Бұл Жолдаудың негізгі мақсаты – Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Алайда қойылған міндеттердің нəтижелі болуы олардың іс жүзінде орындалуына байланысты. 2026 жылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ел дамуының негізгі құралдарының бірі ретінде қарастыруы. Бұрынғы Жолдауларда да экономикалық өсім, білім беру, əлеуметтік қолдау жəне саяси жаңғыру мəселелері көтерілген. Ал жаңа Жолдауда осы салаларды цифрлық өзгерістер арқылы дамытуға ерекше назар аударылған.


Жолдаудың негізгі ерекшеліктері:

  • Цифрландыру. Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру мақсаты қойылды.
  • Жасанды интеллект. Оны экономика мен мемлекеттік басқару-дың түрлі салаларына енгізбек.
  • Экономиканы дамыту инвестиция тарту, кəсіпкерлікті қолдау жəне өндірісті дамыту міндеттері белгіленді.
  • Көлік жəне логистика. Жүк тасымалдау рəсімдерін жеңілдетіп, «Smart Cargo» цифрлық жүйесін дамытуға көңіл бөлінді.
  • Адам капиталы. Жастардың біліміне, кəсіби дағдыларына жəне жаңа технологияларды меңгеруіне басымдық берілді.

Менің пікірімше, Жолдаудың маңызды ерекшелігі – дəстүрлі даму бағыттарын жаңа технологиялармен байланыстыруы. Бұл Қазақстанның халықаралық нарықтағы бəсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ цифрлық даму халықтың барлық тобына қолжетімді болып, жаңа технологияларды меңгеруге жағдай жасалуы керек.


Білім беру саласы. Жолдауда білім беру жүйесін цифрландыруға, жасанды интеллектіні пайдалануға жəне білім сапасын арттыруға назар аударылды. Бұл студенттер мен оқушыларға заманауи білім алып, еңбек нарығына қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.


Ғылыми зерттеулерді дамыту, инновациялық жобаларды қолдау жəне ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу маңызды бағыттар ретінде қарастырылды. Ғылымның дамуы жаңа технологиялар мен отандық өндірістің өркендеуіне ықпал етеді.


Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, əлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру жəне заңдылық пен қоғамдық тəртіпті нығайту мəселелері көтерілді. Цифрлық технологиялар мемлекеттік қызметтерді қолжетімді əрі ашық етуге көмектесуі мүмкін.


Жастардың білім алуына, кəсіптік дамуына, жаңа технологияларды меңгеруіне жəне кəсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беру маңызды. Жастар тек білім алушы емес, елдің дамуына үлес қосатын белсенді азаматтар болуы керек. Президент жастардың біліміне, талантына жəне жаңашылдығына сенім білдірді.


Менің ойымша, бұл бағыттардың ең маңыздысы – жастарға сапалы біліммен қатар, нақты тəжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін беру. Себебі білім алған жас маман өз біліктілігін іс жүзінде қолдана алуы қажет. Бұл көрсетілген мəселелер біздің университетімізде жаңа форматта оқытылып өз нəтижесін беруде. Президенттің 2026 жылғы Жолдауы Қазақстанның цифрлық дамуына, экономиканы жаңғыртуға, ғылым мен білімді жетілдіруге жəне халықтың əл-ауқатын арттыруға бағытталған.


Менің ұсыныстарым: Жоғары оқу орындарында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тəжірибе жүзінде оқыту қажет.


Жастарға арналған ақылы жəне ақысыз тағылымдамалар мен жұмыс орындарының санын көбейту керек.


Ғалымдарға қолдау көрсетіп, ғылыми жобаларды өндіріске енгізуге жағдай жасау қажет.


Əлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастырып, білім мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру керек.


Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылап, нəтижелері туралы халыққа ашық ақпарат беру қажет.


Қазақстанның болашағы – сапалы білімде, ғылымда, цифрлық технологияларда, əділ əлеуметтік саясатта жəне білімді, еңбекқор жастарда.


Осы бағыттар жүйелі түрде жүзеге асса, елдің экономи-калық жəне əлеуметтік дамуына оң ықпал етеді деп сенемін.


Киікбай ЖАУЛИН,

Yessenov University,

саяси ғылымдар докторы, профессор

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!