Otpan News Logo

Асқазанына жасырған: Маңғыстауда есірткі тасымалдаған шетелдік жасөспірім 10 жылға сотталды

Асқазанына жасырған: Маңғыстауда есірткі тасымалдаған шетелдік жасөспірім 10 жылға сотталды

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткіні шекарадан заңсыз өткізіп, сондай-ақ оны сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау дерегі бойынша Иран азаматын 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.


Іс материалдарында сотталған азамат 2026 жылдың мамыр айында «Горган – Ақтау» бағытындағы әуе рейсімен Қазақстанға келгені анықталған. Ол жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы асқазанына жасырып алып өтпек болған. Алайда Маңғыстау облысы ҰҚК департаментінің қызметкерлері есірткіні анықтап, тәркілеген.


Сот үкімі заңды күшіне енді. Облыстық прокуратура есірткінің заңсыз айналымына қатысқандарға 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!