Сақ болыңыз: Маңғыстауда 10-11 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады
"Қазгидромет" РМК Маңғыстау филиалының ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 10-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында ауа райының күрт нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды otpannews.kz.
Өңірде бұл күндері жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болып, ауа температурасы төмендейді. Бұл жағдай жолдарда көктайғақ қаупін тудырып, жол қозғалысына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Осыған байланысты, "ҚазАвтоЖол" АҚ жүргізушілерге сақтық шараларын қатаң сақтауды еске салып, аса қажеттілік болмаған жағдайда, алыс жолға шықпауға кеңес береді. Сонымен қатар, жол мамандары төмендегідей ескерту жасады.
1. Жол ережесін қатаң сақтау. Жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындаңыз.
2. Жылдамдықты азайту. Қарлы және тайғақ жолда жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасындағы қашықтықты міндетті түрде сақтаңыз.
3. Көлікті тексеру. Жолға шығар алдында көлігіңіздің техникалық жағдайын (әсіресе қыстық шиналардың болуы және қысқы дайындық) тексеріңіз.
4. Ақпаратты бақылау. Ауа райы болжамын және жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты алдын ала бақылап отырыңыз.