Otpan News Logo

Риза Сүйіндік: «Конституция – ел болашағы мен әділдіктің кепілі»

|
02.10.2026 16:55
Риза Сүйіндік: «Конституция – ел болашағы мен әділдіктің кепілі»

Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Риза Сүйіндік Конституцияның ел дамуындағы маңызына тоқталып, Ата Заңда бекітілген қағидалардың қоғам өмірінде жүзеге асуының маңызын атап өтті.


Депутаттың айтуынша, Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Сондықтан ондағы өзгерістер мен реформалардың жүзеге асуы азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталуы маңызды.

«Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы. Сондықтан ондағы өзгерістердің әрқайсысы елдің болашағына әсер етеді. Халық өз таңдауын референдум арқылы жасады. Ендігі маңызды мәселе – Конституцияда көрсетілген қағидалардың күнделікті өмірде нақты жүзеге асуы. Депутат ретінде мен үшін ең маңыздысы – халықтың құқығы қорғалып, әділдік пен ашықтықтың күшеюі. Әрбір азамат осы өзгерістердің нәтижесін сезінуі керек. Сонда ғана жүргізіліп жатқан реформалардың нақты мәні көрінеді», – деді Риза Сүйіндік.

Оның сөзінше, жаңа Конституция елдің алдағы даму бағытын айқындаумен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құқықтық негіз болып қала береді.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!