Otpan News Logo

Ақтауда ертең «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

|
02.10.2026 14:38
Ақтауда ертең «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АҚТАУ. Otpannews.kz - 3 қазан күні Ақтау қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтеді.


Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау.


Өнімдер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ірі сауда орындарынан тікелей жеткізілетіндіктен тұтынушыларға тиімді баға ұсынылады.


Ұйымдастырушылар Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Дала дәмі» жәрмеңкесіне қатысып, сапалы әрі қолжетімді отандық өнімдерді сатып алуға шақырады.


Өтетін орны: Ақтау қаласы, 36-шағынаудан, ОРЦ базары

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!