Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Оксана Белоножкина: Ассамблея үлкен отбасы секілді
Жанкелді Қаржан
|
14:47, 18 тамыз 2025

Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында тек бірлесе жұмыс жасап қана қоймай, отбасылық деңгейде де араласады. Бұл туралы Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Оксана Белоножкина мәлімдеді.


«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл отбасы. Үлкен әрі тату отбасы. Мен ҚХА-ның адамдарын өте жақсы көремін. Олар – ерекше, мейірімді, өз орнын тапқан, қызықты әрі саналы жандар. Олардың арасында меценаттар, кәсіпкерлер, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер – түрлі маман иелері бар. Мысалы, менің әріптесім, ҚХА Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының қоғамдық орынбасары Ирина Беляева – өңірге танымал меценат әрі ірі кәсіп иесі. Біз тек бірге жұмыс істеп қана қоймай, бір-біріміздің қуанышымызға ортақтасамыз. Біреудің ұлының үйлену тойына, туған күнге немесе өзге де маңызды шараларға міндетті түрде шақырамыз. Бұл бізде дәстүрге айналды. Бұл жақындық ортақ жобалар мен іс-шараларға бірлесіп қатысудан қалыптасқан. Мұндай қарым-қатынастан кейін бұл адамдарсыз өмірді елестету қиын. Біз бұрыннан жақсы достармыз», - дейді Оксана Белоножкина.


Оның айтуынша, ҚХА аясында өткізілген ең есте қаларлық шаралардың бірі – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған акциялар. Мәселен, бұл күні ҚХА мүшелері Ана мен бала орталығына барып, жаңа босанған аналарды құттықтаған.


«Біз перзентханадағы аналарға барып, оларды нәрестелерінің дүниеге келуімен құттықтадық. Мұны сөзбен жеткізу қиын – ол сәттегі энергия, жаңа өмірдің басталуына куә болу, аналарға алғыс білдіру – ерекше әсер қалдырады. Бұл менің жүрегімде ең жылы із қалдырған сәттердің бірі. Жалпы алғанда, ҚХА өткізетін әрбір іс-шара – мейірімділік пен жақсылыққа толы», - деп бөлісті Оксана Белоножкина.
28
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!