Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтауда түркі елдерінің 500-ден астам жас дарыны өнер көрсетті
Ақмарал Берекет
|
11:25, 18 тамыз 2025

Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жобасы аясында өткен халықаралық «Өнерлі өрен» балалар шығармашылық фестивалінің жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Фестивальге Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресейдің Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Қырым өңірлерінен, сондай-ақ Қазақстанның әр аймағынан келген 500-ден астам жас өнерпаз қатысты. Олар дәстүрлі ән, вокал, хореография, аспаптық орындау және бейнелеу өнері бойынша өз шеберліктерін көрсетті.


Байқаудың әділқазылар алқасы 15-тен астам түркі тілдес елден шақырылған халық әртістері мен мәдениет майталмандарынан құралды. Фестиваль барысында балалар тек өнер көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа достар тауып, шығармашылық ортада шабыттанды.


– Байқау төрт күнге созылды. Әр қатысушы өзін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік алды. Фестивальдің маңызы зор деп есептейміз. Мұндай ауқымды іс-шаралар балалардың рухани дамуына, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді, – деді Абай мәдени-демалыс кешені басшысының орынбасары Маргарита Омарова.
39
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!