Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтаудағы Шевченко саябағы қайта жөнделеді
Ақмарал Берекет
|
14:28, 18 тамыз 2025

Ақтау қаласының 4А шағынауданында орналасқан Тарас Шевченко саябағын қайта жаңарту жұмыстары бастау алады. Жоба урбанистика саласында жұмыс істейтін компаниямен, меценаттармен және Қазақстан украиндары Радасымен бірлесе жүзеге аспақ, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Урбанистикамен айналысатын компаниямен, меценаттармен және Қазақстан украиндары Радасымен бірлесе отырып, біз өз алдымызға Форт-Шевченко қаласындағы бақты және Ақтаудағы Тарас Шевченко саябағын қайта жаңғыртуды мақсат етіп қойдық. Тарас Шевченко саябағына қатысты жоба дайын, қазір оны жан-жақты пысықтап жатырмыз. Бұл іске атсалысамын деген әр азаматтың қолдауына қуанамыз», – деді «Т.Г. Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Оксана Белоножкина.
10
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!