Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
“Ауыл” партиясы Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалы ауыл шаруашылығы саласындағы шараға қатысты
Otpan News
|
14:39, 18 тамыз 2025

Орал қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы айтулы шаралардың бірі – «AUYL FEST: қой шаруашылығы – 2025» атты тұңғыш Халықаралық форум өтті.


Бұл маңызды форумға “Ауыл” партиясы Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері де қатысты.


Жиында қой шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, мал шаруашылығында инновациялық тәсілдерді қолдану, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті кеңейту мәселелері кеңінен талқыланды.


Форум аясында ғылыми-практикалық конференциялар, көрмелер және тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар саланың даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.


Іс-шараның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейту, заманауи технологияларды енгізу арқылы отандық қой шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.

35
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!