Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтауда шекарашылар күні аталып өтті
Жанкелді Қаржан
|
19:09, 18 тамыз 2025

Ақтауда Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің құрылғанына 33 толуына орай сала мамандарының салтанатты кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz


Ел шекарасын күзетіп, тәулік бойы қауіпсіздіктің кепілі болып отырған күштік құрылым қызметкерлерін Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы Асқар Нұржаубай арнайы құттықтады. 


«Еліміз егемендік алғалы бері шекара нығайып, бүгінде қызмет атқарылып келе жатыр. Шекара қызметі елді қорғаудың ең алғы шебінде тұр. Себебі, сырттан төнетін барлық қауіпке тосқауыл болатын сіздерсіздер. Еліміз бойынша шекараның ұзындығы 14 мың шақырымнан асса, 600 шақырым Каспий теңізі арқылы шетелдермен шектесіп жатыр. Барша шекарашыны төл мерекесімен құттықтап, ел тыныштығы жолындағы игіліктеріңіз еселене берсін дегім келеді», - деді Асқар Нұржаубай. 


Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің МО бойынша департамент басшысы полковник Садық Жұманов әріптестеріне лебіз білдіре келе олардың атқарған жұмысына жоғары баға берді. 


«Баршаңызды атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз. 33 жыл бойы біздің шекарашылар ұлттық қауіпсіздікті қамтып келеді. Бұл жолда қомақты нәтижелерге қол жеткіздік. Маңғыстау облысында 2000 жылдары біздің әскери қызметшілер өз қызметін бастады. қазір құрлықта, теңізде тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Теңізде 20-дан астам катерлер мен кемелер жұмылдырылған», - деді Садық Жұманов. 


Атаулы күнге орай ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті пен шекара басқармаларының әскери қызметшілері мен қызметкерлері арнайы марапатталды. 


Сондай-ақ, сала қызметкерлерінің құрметіне Н.Жантөрин театры мен Абай атындағы мәдени демалыс орталығының өнерпаздары концертін ұсынды. Сонымен бірге, шекарада қызмет ететін қызметкерлер де өз өнерлерін әріптестері алдында көпшілікке ұсынды.

25
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!