Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтауда спорт күнінде ашық біріншілік өтті
Жанкелді Қаржан
|
16:17, 18 тамыз 2025

Ақтауда спорт күніне орай қазақ күресі мен дзюдодан қалалық ашық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.

  

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы және Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Спорт күніне орай қазақ күресі және дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында Ақтау қалалық ашық турнирдің үздіктері анықталған болатын.

 

Ерекше форматта ұйымдастырылған біріншілік белдесулері теңіз жағалауында өтті. Аталған жарысты қала тұрғындары мен қонақтары тамашалап, жоғары деңгейдегі бәсекенің қызықты сәттеріне куә болды.

 

«Спорт мерекесі аясындағы турнир жас спортшыларға шабыт, көрерменге қуаныш сыйлады. Жарыста жүлде алған балуандар үшін бұл үлкен баспалдақ. Себебі, алдағы жарыстарда олардың жеңіске жетуге деген ынтасы одан әрі арта түседі», - деді ұйымдастырушылар. 
31
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!