Н. Жантөрин театрының әртісі республикалық фестивальде марапатқа ие болды
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының әртісі Әлия Бисенбиева республикалық театр фестивалінде жүлдеге ие болды. Өнер иесі Бертольт Брехттің «Той» спектакліндегі қалыңдық рөлін сомдап, «Үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Аталған спектакльдің режиссері – Дина Жұмабаева. Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры «Ертіс-Баян ІІ» республикалық театр фестивалінде бұл қойылымды көрермен назарына ұсынды.
Спектакльден кейін өткен театр сыншыларының кәсіби талқылауында қойылымның актерлік ансамблі мен режиссерлік шешімі ерекше аталып өтті. Мамандар спектакльдің көркемдік тұтастығы мен актерлердің шеберлігіне жоғары баға берген.
Қазіргі таңда Жантөрин театры халықаралық «Theatre All» театр фестиваліне қатысуға дайындық үстінде.