Ақтауда ҰҚК мен полицияның бірлескен жедел шаралары барысында бірнеше күдікті ұсталды
Ақтауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Маңғыстау облысы полиция департаментінің бірлескен жедел шаралары нәтижесінде бірнеше күдікті ұсталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Операция барысында ұсталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық, бопсалау, қарудың заңсыз айналымы және есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Қазір осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің нақты қандай қылмыстарға қатысы бар екені және оларға қандай баптар бойынша айып тағылатыны тергеу нәтижесінде анықталады.
37
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев