Otpan News Logo

Каспий итбалығын сақтау – ортақ жауапкершілік

|
01.10.2026 10:46
Каспий итбалығын сақтау – ортақ жауапкершілік

Түпқараған ауданында Каспий итбалығын қорғау мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өтті,  деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шара «ECO-SOCIAL» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылып отыр.


Кездесуге ардагер балықшы Мир Жолдыбаев, кәсіпқой балықшы Мереке , Кенесариев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының өкілі Жансая Ахурзаканқызы, «Qazaq balyk» қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Данияр Әкімжанов, «Эколидер» волонтерлік клубының аға волонтеры Әділбек Қозыбақов, Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы, экологиялық бағыттағы белсенді волонтер Зинаида Епенова, Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, «Эколидер» клубының «Итбалық сақшылары» жобасының жетекшісі Рафаиль Арслан арнайы қатысты. Сонымен бірге, жергілікті тұрғындар, балықшылар, мұғалімдер мен оқушылар, сондай-ақ колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиында Каспий итбалығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан социологиялық зерттеудің мақсаты мен маңызы түсіндірілді.


Әлеуметтік зерттеудің негізгі мақсаты – жергілікті қауымдастықтардың Каспий итбалығын қорғау мәселелері бойынша білім деңгейін, көзқарастарын, тәжірибесі мен ұсыныстарын зерделеу арқылы табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелерді анықтау және практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз қалыптастыруға бағытталған.


Кездесуге жергілікті тұрғындар, балықшылар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.


Іс-шара барысында «ECO-SOCIAL» ҚБ басқарма төрағасы, «Эколидер» волонтерлік клубының жетекшісі Жақсылықова Бақытгүл Өмірханқызы әлеуметтік жобаның мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, Каспий итбалығын қорғау бағытындағы социологиялық зерттеудің маңыздылығына тоқталды.


«Каспий итбалығы – Маңғыстау өңірінің ғана емес, бүкіл Каспий теңізі экожүйесінің маңызды табиғи мұрасы. Оны сақтау – қоршаған ортаны қорғау саласындағы ортақ жауапкершілігіміз және табиғи байлықты келешек ұрпаққа аманат етудің маңызды шарты», - деді Бақытгүл Өмірханқызы. 
63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!