Otpan News Logo

Ақтаулық спортшы кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

|
01.10.2026 15:41
Ақтаулық спортшы кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Ақтаулық Бекзат Сайын кикбоксингтен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жарыс 17-28 қыркүйек аралығында Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өтті. Спортшыны аталған жарысқа бір жыл бойы Қадыр Нұрлыжан, Есенмұрат және Төре Мұрат Селиковтар дайындады.


Бекзат K-1 бағыты бойынша 48 келі салмақта сынға түсіп, алғашқы жекпе-жекте Испания спортшысын жеңсе, жартылай финалда Қытай өкілінен басым түсті. Финалда Молдованың рейтинг бойынша бірінші тұрған спортшысымен кездесіп, әлем чемпионы атанып отыр.


Бекзат Сайын кикбоксингпен сегіз жылдан бері айналысып келеді. Ол Ақтаудағы №9 орта мектептің бітіруші сыныбында оқиды. Сонымен қатар футбол мен жүзу спортына қызығады.


Спортшы бұған дейін Маңғыстау облысының бірнеше дүркін чемпионы атанып, Қазақстан біріншіліктері мен халықаралық және республикалық турнирлердегі жеңістерге қол жеткізген. Ол сондай-ақ кикбоксингтен әлем кубогының күміс жүлдегері және «2025 жылдың үздік спортшысы» аталымында үздік деп танылған. 

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!