Otpan News Logo

Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады

|
01.10.2026 16:43
Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады
Фото: Ашық дереккөзден

2 қазан күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Ақтау қаласының бірқатар шағынаудандарында ауыз су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды otpannews.kz.


«МАЭК» ЖШС мәліметінше, шектеу ЦУВС-3 нысанындағы су шығынын өлшейтін тораптарды аттестаттауға байланысты енгізіледі. Осыған байланысты қаланың жоғарғы және төменгі аймақтарына ауыз су беру уақытша тоқтатылады.


Кәсіпорын тұрғындарға қажетті ауыз су қорын алдын ала жинап алуды ескертіп отыр.


Су беру шектелетін аумақтар:


·        1-15 шағынаудандар;

·        16-шағынаудан: №40, 41 үйлер, «Абырой», «Несибе», «Уайт Хаус», «Отпан Тауэрс» тұрғын үй кешендері;

·        17-шағынаудан: «Дукат-1», «Жанболат» тұрғын үй кешендері;

·        21-29 шағынаудандар;

·        29А шағынауданы;

·        «Толқын-1», «Толқын-2» тұрғын үй кешендері.



60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!