Otpan News Logo

Ақтаулық әйел жазадан жалтару үшін жүктілік туралы жалған анықтама ұсынған

|
01.10.2026 16:41
Ақтаулық әйел жазадан жалтару үшін жүктілік туралы жалған анықтама ұсынған

Ақтауда көлікті мас күйде басқарған әйел әкімшілік қамаққа алынбау үшін сотқа жүктілік туралы жалған медициналық анықтама ұсынған. Полиция әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.


Істі сот қарау барысында әйел жүктілік туралы дәрігердің анықтамасын көрсеткен. Осыған байланысты сот оны әкімшілік қамақтан босатып, көлік басқару құқығынан жеті жылға айыру жазасын ғана тағайындаған.


Алайда, кейін Ақтау қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде сотқа ұсынылған медициналық анықтаманың жалған екені анықталды.


Прокурордың өтінішхаты негізінде Маңғыстау облыстық соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгертіп, әйелді 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.


Сонымен қатар медициналық құжатты қолдан жасау және пайдалану фактісі бойынша медицина қызметкері мен құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Прокуратура көлікті масаң күйде басқару жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!