Otpan News Logo

Ақтауда «Ана тілім – мәңгілік елдің мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ақтауда «Ана тілім – мәңгілік елдің мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ақтауда «Ана тілім - мәңгілік елдің мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана ұйымдастырды. Жиынға облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Басқосудың негізгі мақсаты - қазақ тілінің ұлт тарихы мен рухани өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту.


Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ана тілінің ұлт болмысын сақтаудағы рөліне тоқталып, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен мемлекеттік тілді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.


Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының көпшілік іс-шаралар бөлімінің маманы Аманжол Серіковтің айтуынша, мұндай кездесулердің маңызы зор. Оның сөзінше, іс-шара қатысушыларға қазақ тілінің ұлт тарихы мен рухани өміріндегі орнын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.


«Қазақ тілінің тазалығын сақтау, оны құрметтеу және келер ұрпаққа аманат ету - баршамызға ортақ міндет. Бұл іс-шараның тілдер мерекесі аясында, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайлас өткізілуінің де мәні зор. Әсіресе жастар үшін мұндай кездесулердің маңызы ерекше. Өйткені тіл - ұлттың негізі. Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қоғамдағы орнын түсіндіру - бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі», - деді Аманжол Серіков.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!