Otpan News Logo

Маңғыстауда алғаш рет туғанына 16 күн болған нәрестеге күрделі нейрохирургиялық ота жасалды

|
04.09.2026 14:58
Маңғыстауда алғаш рет туғанына 16 күн болған нәрестеге күрделі нейрохирургиялық ота жасалды

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында менингорадикулоцеле диагнозымен дүниеге келген 16 күндік нәрестеге алғаш рет күрделі нейрохирургиялық операция жасалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ота барысында заманауи медициналық технологиялар қолданылып, сәбидің жүйке жүйесінің қызметін бақылау және операция кезінде ықтимал асқынулардың алдын алу мақсатында интраоперациялық нейромониторинг жүргізілді.



Күрделі хирургиялық араласуды нейрохирург дәрігер Орын Ахмет жасады. Отаға ассистент ретінде Ербол Кенжевалов қатысты. Интраоперациялық нейромониторингті невропатолог Ботагөз Мулдашева қамтамасыз етті. Анестезиологиялық қамтамасыз етуді анестезиолог-реаниматолог Дүйсенбек Амангелді жүргізді.


Медицина мамандарының кәсіби біліктілігі, мол тәжірибесі және өзара үйлесімді жұмысының нәтижесінде операция сәтті аяқталды.


- Операциядан кейін нәресте дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті емдік шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Нәресте ауруханадан үйіне шығарылды. Алдағы уақытта балаға жоспарлы түрде үздіксіз оңалту шаралары жүргізіледі. Нәресте нейрохирург, невропатолог, уролог және ортопед мамандарының тұрақты бақылауында болады, - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!