Otpan News Logo

Маңғыстаулық құтқарушы өрт-құтқару спортынан үздік нәтиже көрсетті

Маңғыстаулық құтқарушы өрт-құтқару спортынан үздік нәтиже көрсетті

Жезқазған қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған ерлер арасындағы XXXII және әйелдер арасындағы XII жазғы чемпионаттың екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды otpannews.kz


Жарыстың екінші күнінде спортшылар 100 метр қашықтыққа кедергілер жолағын еңсеру сайысында бақ сынады. Қатысушылар шапшаңдық, күш дайындығы, үйлесімді қимыл және кедергілерден өту шеберлігін көрсетті. Жүлделі орындар үшін тартыс та тартысты өтті. Үздіктердің нәтижесін секундтың жүзден бір бөлігі ғана бөліп тұрды.


Ерлер арасындағы жеке есеп:


Шымкент қаласы ТЖД қызметкері Мауланов Сарвар – 15,99 секунд;

Ақмола облысы ТЖД қызметкері Савон Дмитрий – 16,19 секунд;

Алматы қаласы ТЖД қызметкері Әбілбаев Дінмұхамед – 16,26 секунд.


Ерлер арасындағы командалық есеп:


Ақмола облысы ТЖД – 100,33 секунд;

Астана қаласы ТЖД – 101,13 секунд;

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД – 102,78 секунд.


Екі талпыныстың қорытындысы бойынша ерлер арасында күннің үздік нәтижесін Ақмола облысы ТЖД қызметкері Мұхамедали Асхат көрсетті. Оның нәтижесі – 15,98 секунд.


Әйелдер арасындағы жеке есеп:


Қостанай облысы ТЖД қызметкері Лукьянова Алёна – 16,90 секунд;

Астана қаласы ТЖД қызметкері Подгородецкая Кристина – 17,05 секунд;

Маңғыстау облысы ТЖД қызметкері Реджеметова Ситора – 17,28 секунд.


Әйелдер арасындағы командалық есеп:


Қостанай облысы ТЖД – 106,10 секунд;

Астана қаласы ТЖД – 111,10 секунд;

Алматы қаласы ТЖД – 111,28 секунд.


Ал екі талпыныстың қорытындысында әйелдер арасындағы күннің үздік уақытын Маңғыстау облысы ТЖД қызметкері Ситора Реджеметова көрсетті. Ол 100 метрлік кедергілер жолағын 16,57 секундта еңсерді.


Осылайша, чемпионаттың екі жарыс күнінде спортшылар екі кезең бойынша сынға түсіп, жоғары дайындық деңгейін танытты. Жарыс жеңіске деген жігер мен шеберліктің қатар сыналған тартысты бәсекеге ұласты.

15
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!