Otpan News Logo

«Маған екі сағат қана оқисың деген еді»: Ақтаулық бірінші сынып оқушысы 11 жыл мектепте оқитынын біліп, ренжіді

«Маған екі сағат қана оқисың деген еді»: Ақтаулық бірінші сынып оқушысы 11 жыл мектепте оқитынын біліп, ренжіді

Ақтаулық алты жасар Ерасыл биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оқу жылының алғашқы күндерінің бірінде бүлдіршін өзі күтпеген жаңалықты біліп, таңғалды. Ол мектепте оқу бірнеше сағатпен ғана шектелмей, 11 жылға созылатынын түсінген, деп хабарлайды otpannews.kz.


Үйге келген соң бірінші сынып оқушысы алған әсерін отбасына эмоциямен жеткізді. Бұл сәтті оның ағасы видеоға түсіріп алған. Ерасыл үйге кіре сала ата-анасына ренішін білдіріп:


«Сіздер маған екі сағат қана оқисыңдар деген едіңіздер ғой!» – деді.


Бірінші сынып оқушысы өзі үшін күтпеген жерден алдында бірнеше сағаттық сабақ емес, 11 жылдық мектеп өмірі тұрғанын білді. Бұл жаңалық балаға қатты әсер етіп, ол тіпті жылап жіберді.


Ерасылдың эмоцияға толы видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын тез аударды. Көпшілік баланың сөздеріне күлімсіреп қарап, оған сәттілік тіледі.


55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!