Otpan News Logo

Мұнайлы ауданының әкімі апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді аралады

|
16.11.2026 10:13
Мұнайлы ауданының әкімі апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді аралады

OTPANNEWS.KZ. - Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов Атамекен ауылдық округіндегі апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 


Апаттық жағдайдың негізгі себебі - жер асты суының көтерілуі.


Үйлерді аралау барысында аудан әкімі ауыл әкімі Абылайхан Ахмедовпен бірге тұрғындардың жағдайымен танысып, мәселелерін тыңдады. Сонымен бірге бұл үйлерге тиісті көмек көрсетілетіні жеткізілді.


Аудан әкімі Атамекен ауылындағы су дренаждарының да жұмысын қарап, қыс бойы тоқтаусыз жұмыс істеуін ұйымдастыруды ауыл әкіміне тапсырды.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!