Otpan News Logo

Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымын бөлісті

|
21.05.2026 15:26
Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымын бөлісті
Ақорда

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымын бөлісті, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


– Біз ойы озық, өркениетті ел боламыз десек, ең алдымен қоғамдағы кез келген мәдениетсіз әрекетке, жабайы жүріс-тұрыс пен тұрпайы тағылыққа, яғни, вандализмге түбегейлі тосқауыл қоюымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы уақытта тарихи және мәдени нысандарға қасақана зиян келтіру жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, жақында ғана Маңғыстау облысының Ыбықты сай шатқалында болған оқиға бойынша тиісті өкілетті органдар қатаң құқықтық қорытынды шығаруы керек. Біз тұтас қоғам болып осындай заңсыз әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы тұруымыз қажет. Заңды құрметтеу, табиғатты аялау, жауапкершілік, жасампаз патриотизм қағидаттары қоғамдық санада түбегейлі орнығуға тиіс. Бұл қасиеттер азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың дүниетанымы кең, мінез-құлқы дұрыс адам ретінде қалыптасуына негіз болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!