Маңғыстаулық оқушылар «Qarzhy sagshysy» интерактивті ойынына қатысуда
Ақтауда дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушылары «Заң мен Тәртіп» нарративасы аясында дайындалған «Qarzhy Sagshysy» интерактивті ойынынан өтіп, қаржылық сауаттылықтарын арттырып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жасөспірімдер қаржылық қауіпсіздікке байланысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйренуде.
Облыс бойынша оқушылар интерактивті ойынға күнделікті және жүйелі түрде қатысты. Бүгінгі күнге дейін жүздеген оқушы ойынның сертификатын алып үлгерген. Интерактивті ойын 15 желтоқсанға дейін жалғаспақ.
Ойында жоғары ұпай жинаған қатысушылар аудандық, облыстық және республикалық деңгейде марапатталады деп күтіліп отыр.