Otpan News Logo

Маңғыстаулық көркем гимнастшы өз таңдауын жасады

|
15.03.2026 11:30
Маңғыстаулық көркем гимнастшы өз таңдауын жасады

Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Жансая Жанбұршиева республикалық референдумда өз таңдауын жасап, дауыс берді.


Спортшы Мұнайлы ауданындағы №194 сайлау учаскесіне барып, азаматтық борышын орындады. Ол ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс берудің әрбір қазақстандық үшін маңызы зор екенін атап өтті.


-Бүгін мен үшін ерекше күн. Ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын референдумда өз дауысымды беріп, азаматтық міндетімді орындадым. Әрбір қазақстандық осындай маңызды сәттерде белсенді болып, елдің ертеңіне бейжай қарамайды деп сенемін, – деді Жансая Жанбұршиева.


Сонымен қатар спортшы дауыс берген сәтінен фотосуреттерді өзінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қазақстандықтарды белсенді болуға шақырды.


Айта кетейік, республикалық референдум аясында еліміздің барлық өңірлерінде азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.

26
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!