Главная | Конституциялық реформа
Қазақстандағы ең жас ауыл әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Маңғыстау ауданындағы №179 референдум учаскесінде елімізде ең жас ауыл әкімі атанған Шебір ауылының әкімі Сағынжан Тұрақбаев республикалық референдумға қатысты.
Жас басшының айтуынша, референдум - азаматтардың мемлекет дамуына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды тетік. Оның пікірінше, мұндай маңызды кезеңдерде әр адамның белсенділігі қоғамның болашағына деген жауапкершілікті көрсетеді.
- Жергілікті жерде жұмыс істеп жүрген әкім ретінде тұрғындардың ел болашағына бейжай қарамайтынын күн сайын көріп жүрмін. Бүгінгі референдум сол азаматтардың пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды кезең. Біз бүгін келешек ұрпақ өмір сүретін қоғамның қандай болатынына қатысты өз көзқарасымызды білдіріп отырмыз, - деді Сағынжан Тұрақбаев.
Айта кетейік, №179 учаскеде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді түрде қатысуда.
59
Басты жаңалықтар
Танымал
15.03.2026 14:12
15.03.2026 14:11
15.03.2026 14:09
15.03.2026 14:03
15.03.2026 13:59
15.03.2026 13:53
15.03.2026 13:33
15.03.2026 13:31
15.03.2026 13:07
15.03.2026 13:04
15.03.2026 12:54
15.03.2026 12:53
15.03.2026 12:41
15.03.2026 12:34
15.03.2026 12:33
15.03.2026 12:26
15.03.2026 12:24
15.03.2026 12:17
15.03.2026 12:14
15.03.2026 12:02
09.03.2026 16:57
11.03.2026 16:06
09.03.2026 17:00
11.03.2026 17:53
11.03.2026 15:00
10.03.2026 15:41
13.03.2026 11:48
11.03.2026 12:40
12.03.2026 14:34
14.03.2026 10:00
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев