Otpan News Logo

Маңғыстаулық Гүлнұр туған күнінде өз таңдауын жасады

|
15.03.2026 13:04
Маңғыстаулық Гүлнұр туған күнінде өз таңдауын жасады

Маңғыстауда бүгін 18 жасқа толған Гүлнұр Қойшыбай тұңғыш рет референдумға қатысып, туған күнінде таңдау жасады. Каратэ-до спортынан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гүлнұр Ақтау қаласындағы 17 шағынауданда орналасқан №251 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. 


Гүлнұр бүгінде Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 3-курста оқиды. Мамандығы - жаттықтырушы. Он жылдан астам уақыт спортпен шұғылданған шымыр бойжеткен болашақта да спорт саласында шыңдалуға шынайы ниетті. 


«Мені спортқа жетелеп әкелген - әкем. Бастапқыда жай қызығып, кейін кәсіби түрде шұғылдана бастадым. Үйдің үлкенімін. Қазір іні-де спортпен айналысады. Мен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегерімін», - дейді Гүлнұр Қойшыбай. 


Оның айтуынша, спортта табандылық, тұрақтылық мен ұстаным өте маңызды. Ал референдум еліміздің жарқын болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың саяси ұстанымын айқындайды. 


«Бүгін - менің туған күнім әрі алғаш рет дауыс бердім. Ерекше сезім екен. Мен елімнің жарқын болашағы үшін таңдау жасадым», - дейді Гүлнұр Қойшыбай.
14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!