Маңғыстауда өнер саласының көрнекті өкілдері өз таңдауын жасауда
Бүгінгі референдумда балалар ақыны,сазгер Көмек Ыбрайұлы отбасымен бірге өз таңдауын жасады. Ол Ақтау қаласының 32А шағынауданындағы №29 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №248 сайлау учаскесіне барып, референдумға қатысты.
Көмек Ыбрайұлы референдум - ел болашағына қатысты маңызды қадам екенін атап өтті.
- Бүгін отбасымызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық. Ата Заң туралы референдум дер кезінде өтіп жатыр деп ойлаймын. Бұрынғы Ата Заңымыздың қабылданғанына да отыз шақты жыл болып қалыпты. Заман қарыштап алға басуда. Мәдениет, экономика, индустрия, ауыл шаруашылығы, үздіксіз даму үстінде. Технология дамыды, қаншама жаңалық енді. Мысалы, қазір пайдаланып жүрген ұялы телефон, жасанды интеллект т.б. ғылымдағы жетістіктер бұрын жоқ еді. Адамдардың саяси өмірге деген көзқарасы да өзгерген. Бұрынғы Заңымыздың сексен төрт пайызы өзгертіліп, заман талабына сай толықтырылды. Бұған көптеген академиктер, заң қызметкерлері, доктор, ғалымдар, жазушылар пікір қосты. Бірнеше талқылаудан өтті. Осы орайда президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Халқымыздың талқысына салып, референдум өткізу – саяси мәні зор мәселе. Өйткені ол – еліміздің болашағы, жаңа Қазақстанды алға жетелейтін маңызды құжат,- деді Көмек Ыбрайұлы.
Аталған сайлау учаскесінде тұрғындардың белсенділігі байқалады. Таңдауын жасауға келген азаматтардың қарасы көп.
24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев