Otpan News Logo

Маңғыстаудағы танымал әулеттер референдумға келуде

Маңғыстаудағы танымал әулеттер референдумға келуде

Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Маңызды саяси науқанда қоғамның әр саласының өкілдері өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды otpannews.kz.


Солардың қатарында 2025 жылы ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері атанған Қисановтар отбасы да бар. Теміржолшылар әулеті Мұнайлы ауданындағы №215 учаскесіне барып, референдумда өз таңдауын жасады.


Отбасы мүшелері референдумға қатысу – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның белгісі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, әрбір қазақстандық маңызды қоғамдық шешімдер қабылданатын кезде өз таңдауын жасап, елдің дамуына үлес қосуы тиіс.


Мейрам Қисанов жұбайы Жібек Қалиевамен үш ұлынан он бір немере мен бір шөбере, екі қызынан сегіз жиен сүйіп отыр. 


Амалмен қатар келіп жатқан референдумға бәріміз атсалысып жатырмыз. Келген жылымыз жақсылығымен келсін. Халық жақсы өмір сүріп, бақытты болсын. Еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бастап өсіп келе жатыр. Конституциямызға жақсы өзгерістер енгізгелі жатыр екен. Бұл науқанға қатысу – азаматтық борышымыз. Әлі де жақсылықтарды күтеміз, - деді Мейрам Қисанов.


Сайлау учаскесінде абыройлы отбасыға арнайы сый табысталды.

30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!