Otpan News Logo

Маңғыстаулық егіз спортшы таңдауын жасады

|
15.03.2026 12:33
Маңғыстаулық егіз спортшы таңдауын жасады

Бүгін маңғыстаулық егіз спортшы Айбек және Нұрбек Закариндер №167 сайлау учаскесіне келіп, таңдауларын жасады.


Дауыс берген спортшылар еліміздің болашағына қатысты маңызды саяси науқанда әрбір азамат белсенді болуы керектігін атап өтті.


Айбек және Нұрбек Закариндер – джиу-джитсумен айналысатын белгілі спортшылар. Олар Қазақстан чемпионаттарында бірнеше рет топ жарып, ел біріншіліктерінің бірнеше дүркін чемпиондары атанған. Сонымен қатар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері ретінде танылып жүр.


Спортшылардың айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын мұндай кезеңде әр азамат өз таңдауын жасап, қоғам өміріне белсенді қатысуы қажет.


Егіз спортшының референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, азаматтық белсенділіктің маңызын көрсетеді.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!