Otpan News Logo

Маңғыстаудағы Роналдудың әкесі дауыс берді

|
15.03.2026 12:26
Маңғыстаудағы Роналдудың әкесі дауыс берді Otpan News Logo

Жақында туған баласына әлемге әйгілі футболшы Cristiano Ronaldo-ның есімін қойған ақтаулық блогер Мерей Уразбеков референдумда өз таңдауын жасады. Ол 33 шағынауданындағы №241 учаскеге дауыс беруге келді.


Көпбалалы жас әке өзінің азаматтық позициясын білдіріп, саяси маңызды құжаттағы өзгерістерге бейжай қарамай, дауыс бергенін айтты.


— Мен әр азамат сияқты еліміздегі маңызды саяси өзгерістерге бейжай қарамау керек деп ойлаймын. Сондықтан референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – болашақ ұрпақтың тағдырына әсер ететін маңызды қадам. Әрқайсымыз азаматтық позициямызды білдіріп, дауыс беруіміз керек деп есептеймін, – деді ол.


Айта кетейік, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ тұрғындар өз қаласындағы тіркелген учаскеге барып, дауыс бере алады.

34
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!