Otpan News Logo

Маңғыстаудың тай келіні отбасымен бірге референдумге келді

|
15.03.2026 10:01
Маңғыстаудың тай келіні отбасымен бірге референдумге келді

Бүгін өтіп жатқан референдумға Маңғыстаудың Тайландтан келген келіні Суфафон Хонгчетхем жұбайы Мирас Арсланмен бірге референдумге келді. 


Хонгчетхем Суфафонның айтуынша, референдум – ел дамуы үшін маңызды қадам.


— Референдум елдің болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл — халықтың өз бағытын айқындап, мемлекеттің дамуына үлес қосатын демократиялық үдеріс. Азаматтар елді басқаратын жақсы көшбасшыларды таңдауға ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде халық пен мемлекет игілігіне қызмет етеді, — деді ол.


Айта кетейік, дауыс беру бүгін сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Тұрғындар өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, таңдау жасай алады.

34
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!