Маңғыстауда түйені қаққан көлікте төрт адам қаза тапты
Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жол апаты 16 қыркүйек күні кешке «Ақтау-Бейнеу» республикалық маңызы бар автожолында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry жолдың үстінде жүрген түйені қағып кеткен. Соққыдан кейін көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, сол жерде тағы бір Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жануардың иесі анықталады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев