Otpan News Logo

Ақтаулық спортшы Чехиядағы халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды

|
17.09.2026 14:45
Ақтаулық спортшы Чехиядағы халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды

Чехияның Пльзень қаласында боччадан өткен Pilsen 2026 World Boccia Challenger халықаралық жарысы аяқталды. Тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасы командалық ойында III орынды жеңіп алып, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Ақтау қаласының спортшысы, «Ерекше жан» спорт клубының өкілі Азамат Аманша осы халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.


Жарыстан оралған Азамат Аманшаны «Ерекше жан» спорт клубының ұжымы мен әріптестері ыстық ықылас пен қошемет көрсетіп, әуежайдан күтіп алды.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!