Маңғыстауда инвестиция көлемі артып, жаңа өндірістер іске қосылып жатыр
Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында инвестор тарту мен ірі жобаларды жүзеге асыру қарқыны үдей түсті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Соңғы үш жылда өңірдің негізгі капиталына 2,9 трлн теңгеден астам инвестиция құйылған. Биылдың өзінде 230 млрд теңге болатын 17 жоба іске қосылып, 550 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жыл соңына дейін құны 38 млрд теңгелік тағы бес жоба пайдалануға беріледі. Өңірге шетелдік инвесторларды тарту мақсатында елшілер, консулдар және бизнес өкілдерімен 20-ға жуық кездесу өткен.
Сонымен қатар «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын кеңейту жалғасып жатыр. Биыл оның аумағы 1,9 мың гектардан 4,4 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Қоса берілетін 23 мың гектар жер телімін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.