Маңғыстауда дала мысығы көзге түсті
Маңғыстаулық тұрғындар ерекше қорғалатын табиғи аумақта дала мысығын кездестірді, деп хабарлайды otpannews.kz.
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аңтанушысы Мұхаммед-Рахим Боранбаевтың айтуынша, дала мысығы табиғатқа ерекше бейімделген, адамға қауіпсіз жануар.
«Дала мысығы көбіне түнгі уақытта азығын іздеуге шығады. Ол ұсақ құстармен және кеміргіштермен қоректенеді. Өмір сүру ұзақтығы шамамен 5–10 жылды құрайды. Ерекше қорғалатын аумақтарда бұл жануар қауіпсіз көбейеді», – дейді маман.
Мамандардың айтуынша, дала мысығы жылына тек 15-20 рет қана көзге түседі. Сондықтан оны бақылау арнайы құрылғылар арқылы жүргізіледі. Дала мысығы сақ әрі табиғи ортаға жақсы бейімделгендіктен сирек кездеседі.
21
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев