Otpan News Logo

Ақтауда жаңа архивтік жинақ жарық көрді

Ақтауда жаңа архивтік жинақ жарық көрді

OTPANNEWS.KZ - Жыршы Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына орай «Халық ақыны, жыршы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966 жж.)» жаңа жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.


Сәттіғұл Жанғабылұлы - Маңғыстау топырағында туып-өскен көрнекті халық ақыны, жыраулық-жыршылық дәстүрді жалғастырушы бірегей тұлға. Ол өңірде алғашқылардың бірі болып «Қазақ КСР-нің халық ақыны» құрметті атағына ие болып, КСРО Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған. Ақын өз толғаулары мен арнауларында ел бірлігін, адалдық пен адамгершілікті дәріптеп, Маңғыстаудың бай әдеби мұрасын келер ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосты.


Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырған салтанатты жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен ақынның ұрпақтары қатысты.


Іс-шара барысында ақынның өміріне арналған арнайы бейнеролик көрсетіліп, құттықтау сөздер айтылды. Көлемді жинақты оқырмандарға оның құрастырушы-авторы, Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің бас сарапшысы Құралай Себепбаева таныстырды.


Ресми жиында Сәттіғұл Жанғабылұлы туралы естеліктер айтылып, баяндамалар оқылды. Жазушы, өлкетанушы Кенжебек Сержанұлы да өз ойымен бөлісті.


«Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орын алатын ақындардың арасында Сәттіғұл атамыздың есімі әрдайым құрметпен аталады. Сәттіғұл Жанғабылұлының халық арасындағы асыл мұрасы күн өткен сайын биікке көтеріліп келеді. Ақынның мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Осындай бірегей тұлғаның өмірі мен шығармашылығы тек Маңғыстауда ғана шектелмей, күллі Қазақстанға кеңінен жария болса, өзіне лайық шынайы бағасын алған болар еді», - деді жазушы, өлкетанушы Кенжебек Сержанұлы.
52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!