Otpan News Logo

Маңғыстауда жедел жәрдем жұмысы бейнежетон арқылы бақыланады

|
16.11.2026 12:39
Маңғыстауда жедел жәрдем жұмысы бейнежетон арқылы бақыланады

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында жедел медициналық жәрдем бригадалары бейнежетондарды қолдануға кірісті. Жаңа жүйе 13 қарашадан бастап іске қосылды.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнежетондар жедел медициналық көмек көрсету кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұмыс барысын тіркеуге мүмкіндік береді.


Жобаның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту, жанжалдық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.


Бейнежетондарды енгізу жедел жәрдем бригадаларының жұмысындағы қауіпсіздік пен ашықтықты арттыруға бағытталған.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!