Маңғыстауда Алғыс айту күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді
Маңғыстауда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай көп жылдық еңбегімен елге қызмет еткен ардагер Ғайша Сүйтованы құттықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ғайша Сүйтова 1951 жылғы 1 наурызда дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы аспаз болып еңбек етіп, қоғам игілігі үшін адал қызмет атқарған. Ардагер өз еңбегі арқылы көпшілік құрметіне бөленді.
Жиын барысында Маңғыстау облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Мереке Боранова құттықтау сөз сөйледі.
Бірінші наурыз – Алғыс айту күні. Осы мерекеге орай өңіріміздің, қаламыздың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерді жыл сайын дәстүрлі түрде құттықтап келеміз. Биыл да осы игі дәстүр аясында Ғайша апайды арнайы құттықтауға келдік. Айта кету керек, 1 наурыз – Ғайша апайдың туған күні. Биыл ол кісі 75 жасқа толып отыр. Осы Алғыс айту күнінде мерейтой иесін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сонымен қатар, барша қазақстандықты Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Мереке Боранова.
Іс-шара соңында ардагерге сый-сияпат табысталып, жылы лебіздер білдірілді.