Otpan News Logo

Маңғыстау туризм колледжінің басшысы Жания Сармурзина: «Жаңа Конституцияда әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды тармақтар қамтылған»

|
28.02.2026 16:37
Маңғыстау туризм колледжінің басшысы Жания Сармурзина: «Жаңа Конституцияда әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды тармақтар қамтылған»

Маңғыстау туризм колледжінің басшысы Жания Сармурзина 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысу – әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті.


Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет, сондықтан елдегі барлық өзгерістер халық үшін және халықтың игілігі үшін жүзеге асырылуы тиіс. Жаңа Конституцияға енгізілген маңызды жаңалықтардың бірі – халықпен ашық әрі жүйелі диалог құру тетігінің күшеюі. Бұл қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді арттырып, әр азаматтың пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік береді.


«Елімізде қандай да бір өзгеріс болатын болса, ол міндетті түрде талқыға түсіп, әрбір адам өз ойын ашық айтып, ұсынысын енгізе алуы керек. Бұл – әділетті қоғам құрудың басты қағидаларының бірі», – дейді Жания Сармурзина.


Сондай-ақ ол шығармашылық еркіндікке жол ашылуы мен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесінің айқындалуы әрбір азамат үшін маңызды тармақтар екенін жеткізді.

306
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!