Маңғыстау мектептерінде BALAZHAN платформасы енгізілді
OTPANNEWS.KZ - Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мақсатында BALAZHAN бірыңғай ақпараттық платформасы іске қосылды. Осыған орай 800-ге жуық маман арнайы оқытудан өтті.
2026 жылғы қыркүйек айынан бастап өңірдегі білім беру ұйымдарын жаңа платформаға қосу және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары белсенді жүргізілді. Олардың қатарында:
* 240 білім беру ұйымының басшысы;
* 320 педагог-психолог;
* 189 әлеуметтік педагог;
* 7 аудандық және қалалық әдіскер;
* Тиісті мемлекеттік мекемелердің 31 маманы бар.
Білім беру ұйымдары платформаны қолдану бойынша оқытумен 100% толық қамтылды. Оқыту жұмыстарын Психологиялық қолдау орталығының мамандары тікелей мектептерге бару арқылы және Zoom платформасы арқылы қашықтан жүргізді.
Мектеп ұжымдарының бірлескен жұмысы өңірде балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қауіп-қатердің алдын алуға толық жағдай жасады.