Әлем чемпионаты: Маңғыстаулық боксшы ширек финалда сынға түседі
Бокстан Дубайда ІВА-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан ұлттық құрамасының 10 боксшы бүгін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Олардың арасында Маңғыстау облысының өкілі Санатәлі Төлтаев та бар. Ол 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде осыған дейін екі жекпе-жекте жеңіске жетті. Жерлесіміз бүгін Париж Олимпиадасының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионы Асахужа Муйдинхужаевпен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтайды.
Бұдан бөлек ұлттық құрама сапында тағы 9 боксшы ширек финалда сынға түседі. Айта кететін жайт, ширек финалда есе жіберген боксшыларға ІВА тарапы 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы береді.
Қола жүлде алған боксшы 75 мың доллар алса, күміс жүлдегер 150 мың, ал финалда жеңіске жеткен спортшы 300 мың долларға иелік етпек.
10 желтоқсандағы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жекке шығатын отандық боксшылар:
Күндізгі сессия:
48 келі. Теміртас Жүсіпов vs Лал Прасад Упрети (Непал)
54 келі. Сәкен Бибосынов vs Муенго Муале (Замбия)
60 келі. Серік Теміржанов vs Акмал Убайдов (Тәжікстан)
67 келі. Санатәлі Төлтаев vs Асахужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
75 келі. Сабыржан Аққалықов vs Мирослав Капулер-Ищченко (Израиль)
+92 келі. Нұрлан Сапарбай vs Давид Чалоян (Армения)
Кешкі сессия:
51 келі. Даниял Сәбит vs Патрик Чинемба (Замбия)
57 келі. Оразбек Асылқұлов vs Карлос Мартиес Бернанд (Испания)
63.5 келі. Ертуған Зейнулинов vs Ахмад Штиуи (Израиль)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов vs Сархан Алиев (Әзірбайжан).