Otpan News Logo

Қолданыстағы бюджет бағдарламалары қайта қаралады

Қолданыстағы бюджет бағдарламалары қайта қаралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарауды міндеттеді. Бұл іске жауапты Қаржы және Экономика министрліктері табандылық танытуы керек, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.


 «Фискалдық саясаттың тиімділігіне, ең алдымен, бюджетті ретке келтіріп, қаржы тәртібін қатаң сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Бюджет қаржысын игерудің қазіргі критерийінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін басқаруды күшейткеніміз дұрыс. Үкімет пен әкімдер бюджеттің игерілмей қалуынан қауіптеніп, жобаларға қаржы бөлу тәжірибесін доғаратын кез келді. Ең сорақысы, мұндай шешімдер субъективті түрде қабылданып, қаржы таңдаулыларға ғана беріледі. Тоқетері, әркім өз білгенін жасағанды қою керек.
Енді мұндайды мемлекет мүддесіне қасақана қарсы әрекет ету деп қарастырамыз",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Сондай-ақ Үкіметке биыл 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіп, мемлекет есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеу механизмін жетілдіруді тапсырды.


"Бұл квазимемлекеттік секторға да қатысты. Мен Жолдауда бұл мәселе туралы айттым: бюджеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, яғни қаржының қайда, қалай және не үшін жұмсалып жатқаны айқын болуы үшін цифрлық теңгені белсенді пайдалану қажет.
Қазіргі таңда бұл тәсіл мемлекеттік сатып алу жүйесінде, субсидиялау кезінде, сондай-ақ Ұлттық қордан ірі жобаларға қаражат бөлу барысында тиімді қолданылып жүр. Бұл құралды басқа да салаларға енгізіп, аясын кеңейту керек",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев


193
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!