Otpan News Logo

Қою мұнайды бу күшімен өндіруге үлес қосып жүрген маман

Қою мұнайды бу күшімен өндіруге үлес қосып жүрген маман

Қаражанбас кен орнында қою мұнайды тиімді өндіру үшін бу айдау технологиясы қолданылады. Бұл процестің тұрақты жүруін қамтамасыз ететін мамандардың бірі – Сабыр Өтеуілұлы. Ол 2011 жылдан бері бу өндіру цехында еңбек етіп, бу генераторлық қондырғысының жұмысын толық меңгерген, деп хабарлайды otpannews.kz


Сабыр Өтеуілұлының күнделікті жұмысы газбен, жоғары температура және қысыммен байланысты. Ол бу өндіру қондырғысының жұмысын бақылап, технологиялық процестердің белгіленген талапқа сай жүруін қадағалайды.


Мұнаймен бірге өндірілген су арнайы қондырғылар арқылы буға айналдырылып, кейін жер астына айдалады. Бұл процесс Қаражанбас сияқты қою мұнайы бар кен орнында мұнай өндірудің маңызды кезеңдерінің бірі саналады.


Маманның міндеті – қондырғының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын да бақылау. Жоғары температура мен қысым жағдайында жұмыс істейтіндіктен, мұнда әр көрсеткішке мұқият қарау қажет.


Қазақстандағы бірегей кен орнында тәжірибелі мұнайшылармен қатар жұмыс істеп жүргенімді мақтан тұтамын, – дейді Сабыр Өтеуілұлы.


2011 жылдан бері осы бағытта еңбек етіп келе жатқан маман бу өндіру жүйесінің жұмысын жақсы меңгерген. Бүгінде оның тәжірибесі Қаражанбас кен орнындағы өндірістік процестің бірқалыпты жүруіне үлесін қосып келеді.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!